Ресейлік композитор Игорь Крутой мен қазақстандық орындаушы Alex Lim бірлескен жұмыстарын — бұрын Ирина Аллегрова орындаған «Любовница» әнін жарыққа шығарды. Премьера әлеуметтік желілерде екіұдай пікір тудырды: тыңдармандардың бір бөлігі жаңалықты қуанышпен қабылдаса, енді бірі алғашқы орындауға адал болып қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Трек шыққаны туралы маэстро Крутой мен қазақстандық әнші Alex Lim Instagram желісінде хабарлады. «Премьера. Alex Lim, Игорь Крутой — "Любовница". Барлық музыкалық алаңдардан тыңдаңыздар», — делінген жазбада.
Әртістердің шығармашылығына құштар жанкүйерлер жаңалықты қуанышпен қабылдады. Пікірлерде олар: «Мен әлі сіздің "Вокзалыңыздан" арыла алмай жүрмін. Игорь Крутоймен ынтымақтастығыңыз — тамаша», «Премьерамен құттықтаймын! Осылай жалғастыра беріңіз», «Бұрын тек жасанды интеллект осылай ән сала алады деп ойлайтынмын. Керемет тембр», «Сіз әрқашанда таңғажайыпсыз, дауысыңыз баурап алады!» — деп жазды.
Алайда музыкалық жаңалықты бәрі бірдей қуанышпен қабылдаған жоқ. «Бұл әнді Аллегровадан артық ешкім әлі салған да, сала да алмайды, дегенмен Лимнің тембрі мен дауысы қатты ұнайды», «Әдемі салады, бірақ ойымда Аллегрова тұр, бәрі сонда», «Ирина Аллегрова, тек қана ол, мұндағы вокалға құрметпен қарасам да», — деді комментаторлар.


