Қазақстан Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес қорытындысын шығарды, деп хабарлайды infohub.kz.
Polisia.kz деректеріне сәйкес, жыл басынан бері елімізде синтетикалық есірткі өндіретін 17 жасырын зертхана жойылды. Жеті ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне жол берілмеді, оларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. Тоғыз ОҚҰ көшбасшысы мен 41 топ мүшесі ұсталды.
«Тәркіленген "ұнтақ" көлемі 865 кг құрады — бұл миллиондаған доза синтетикалық есірткі, олар заңсыз айналымға түскен жоқ. Бұл — ондаған мың адамның есірткіге тәуелді болуының алдын алу, азаматтардың денсаулығын сақтау және адам өмірін арашалау. Жасөспірімдердің есірткі ортаға тартылуы ерекше алаңдаушылық тудырады», — деді полиция қызметкерлері.
Қазіргі уақытта 55 кәмелетке толмаған ұсталды, оның 32-сі есірткі сатуға қатысы бар. Сондай-ақ есірткі бизнесінің қаржылық құрамдас бөлігіне соққы беру шаралары қабылдануда.
ІІМ деректеріне сәйкес, 258 млн теңге сомасындағы 10 мың карта-шот қатырылды. Есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта-шот бойынша транзакциялық операциялар шектелді. 8,5 мың есірткі сайты бұғатталды.


