«QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Центральная Азия» АҚ-да жұмысшы кәсіптерінің жыл сайынғы «Үздік маман-2026» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Биыл газ тасымалдау саласының негізгі жұмысшы кәсіптерінің үздік мамандары атағы үшін 98 қызметкер бақ сынады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Байқауға қатысу алдында мамандар өздерінің өңірлік өндірістік филиалдарында іріктеу сынақтарынан өтті. Екі күн бойы қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби білімдерін, өндірістік операцияларды қауіпсіз орындау дағдыларын, өз бетінше шешім қабылдау және төтенше жағдайларда әрекет ету қабілеттерін көрсетті. Жеке блок жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің практикалық дағдыларына арналды.

Байқау комиссиясы қатысушыларды бірнеше критерий бойынша бағалады. Олардың қатарында теориялық дайындық деңгейі, өндірістік тапсырмаларды орындау сапасы, ұтымды және қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, кәсіби дербестік дәрежесі және тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт бар.

Байқау сонымен қатар түрлі өңірлік филиалдардың қызметкерлері арасында өндірістік тәжірибе алмасу алаңына айналды. Оны өткізу мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және тиімді әрі ұтымды жұмыс әдістерін таратуға бағытталған.

Іс-шара бағдарламасына қосымша құзыреттерді оқыту да енгізілді. Қатысушылар үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша білім беру сессиясы ұйымдастырылды. Мамандар заманауи цифрлық құралдармен және оларды практикалық пайдалану мүмкіндіктерімен танысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары кәсіби шеберлігі үшін дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен «УМГ» Ақтау» филиалына байқаудың бас жүлдесі — «Үздік маман» өтпелі кубогы табыс етілді.

«Үздік маман-2026» байқауы «Интергаз Центральная Азия» АҚ қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін көрсетіп, құзыреттерді дамыту, өндірістік тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды енгізу және қауіпсіздік мәдениетін нығайту алаңына айналды.