Аралас жекпе-жектен (ММА) ресейлік файткер Ислам Махачев Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұл жекпе-жек Махачевтің жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) чемпион ретіндегі алғашқы кездесуі еді және ол өз титулын сәтті қорғады. Оның қарсыласы Мачадо Гэрри дивизионның бірінші нөмірі ретінде келді.
Бәсеке барлық бес раундқа созылды. Екінші раундта ресейлік қарсыласын нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Махачевті жеңімпаз деп таныды (49:46, 49:46, 48:47).
34 жастағы спортшы үшін бұл жеңіс UFC-дегі қатарынан 17-ші жеңісі болды, бұл ұйым тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериясы. Бұған дейінгі рекорд бразилиялық Андерсон Силваға тиесілі еді — қатарынан 16 жеңіс.
Махачевтің кәсіби мансабында барлығы 29 жеңіс және бір ғана жеңіліс бар. Ол бұған дейін UFC-де жеңіл салмақта (70,3 келіге дейін) да чемпион атанған.
Мачадо Гэрри үшін бұл мансабындағы екінші жеңіліс. Алғашқысын оған қазақстандық файткер Шавкат Рахмонов жіберген еді. 28 жастағы ирландиялықтың еншісінде 17 жеңіс бар.


