Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Израиль әскері 15 дәрігерді қателесіп өлтіргенін мойындады

Израиль қорғаныс күштері Газа секторында гуманитарлық миссия өкілдеріне шабуыл жасап, 15 дәрігердің өмірін қиған қайғылы оқиға бойынша өз кінәсін мойындады. Ел билігі бұл оқиғаны «кәсіби қателік» деп бағалап отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 наурыз түнінде Қызыл Жарты Ай палестиналық ұйымының жедел жәрдем көлігіне, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Газа азаматтық қорғанысының өрт сөндіру техникасына әуе соққысы жасалған. Аталмыш көліктерде болған барша медицина қызметкерлері оқиға орнында мерт болған. Израиль сарбаздары жедел жәрдем көлігін ХАМАС ұйымына тиесілі техникамен шатастырғандарын мәлімдеді.

Оқиғаға қатысты тергеу барысында шабуылды ұйымдастырған Голани атқыштар бригадасының батальон командирінің орынбасары қызметінен босатылды. Тергеу нәтижесі бойынша ол жедел жәрдем көлігін лаңкестік ұйым көлігі деп қателесіп, оқ атуға бұйрық берген.

Алайда Израиль тарапы оқиғаға қатысты нақты дәлел ұсынбады. Қаза тапқандардың лаңкестік ұйымдармен байланысы бары жөніндегі айыптаулар да негізсіз болып шықты. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар мен Қызыл Жарты Ай оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіріп, тәуелсіз және әділ тергеу жүргізуді талап етуде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама