Британдық әйел 25 мың доллар қарызын небәрі бес айда өтеп, қажетсіз заттарын сатып, шығындарын қайта қарап шықты, деп хабарлайды infohub.kz.

Ұлыбританияның 32 жастағы тұрғыны үшін қаржылық қиындықтар 2022 жылы жалғызбасты ана болғаннан кейін басталды. Ағымдағы шығындарды жабу үшін әйел жалпы сомасы 23 мың фунт стерлингке екі несие алды. Жағдайды импульсивті сатып алулар, тамақ жеткізуге кеткен шығындар және үш несие картасын пайдалану ушықтырды. Банкте жұмыс істеп, қаржы механизмдерін түсінгеніне қарамастан, сәуір айында ол ауыр жағдайға тап болды.

Қарыздан құтылу үшін Элли артық мүліктен арылуды ұйғарды. Ол үйін мұқият тексеріп, онлайн-платформаларға 410 зат қойды. Сатылымға киімдер, ойыншықтар, зергерлік бұйымдар, ас үй құралдары мен декор шықты. Сонымен қатар, ол жұмысындағы инвестицияларды пайдаланып, акциялар мен облигациялардан түскен 11 333 фунт стерлингті несиелерді өтеуге жұмсады.

Әйел өмір салтын толығымен қайта қарап, күнделікті шығындарын қысқартты. Дайын тамаққа тапсырыс берудің орнына, ол үйде жартылай фабрикаттарды алдын ала дайындап, мұздатып қойды. Элли өзінің артық заттардан арылу тәжірибесі мен саудаға әуестікпен күресі туралы TikTok-та айта бастады. Блог жүргізу оған пікірлестер табуға және қаржылық еркіндікке жету жолында тәртіпті сақтауға көмектесті.