- 15 шіл. 2022 00:00
- 371
Жануарлар жайлы қызықты деректер
— Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
— Қасқыр ақылды жануарлардың бірі болып табылады.
— Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.
— Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.
— Жолбарыстардың жүні де, терісіде жолақты болады.
— Жылқының сүйек саны адамның сүйек санынан 18-ге артық.
— Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.
— Керіктің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.
— Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.
— Тауықтың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.
— Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп таси алады.
— Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27%-ын құрайды.
— Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.
— Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.
— Игуана су астында 28 минутқа дейін болады.
— Жұлдызқұрттың денесінде адамға қарағанда бұлшық ет көбірек.
— Ягуарды заң бойынша қорғайтын жалғыз мемлекет – Белиз.
— Егеуқұйрық түйеге қарағанда ұзақ уақытқа сусыз шыдай алады.
— Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.
— Акула өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда жемтігі жарақаттамау үшін көздерін жабады.
— Араның шағуынан жыл сайын улы жыланның шағуына қарағанда 3 есе көп адам өледі.
— Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/сек.
— Жылан 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады.
— Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
— 12 қабаттан құлап келе жатқан мысықтың 7 қабаттан құлап келе жатқан мысыққа қарағанда тірі қалу мүмкіндігі көп.
— Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа.
Оқуға кеңес береміз:
Жануарлар балаларымен
Жануарлардың рентген суреттері
Жануарларда интеллект бар ма?