- 16 нау. 2015 00:00
- 257
Жануарлардың түсінуі
Тотықұс сөйлей алмайды, бірақ кейбір сөздерді жаттап қайталайды. Адамды жануардан айыратын ең басты қасиет – ақылы және сөйлей алуы. Жануарларда ақыл жоқ, бірақ олар бір-бірлерін зеректігімен түсінеді. Екі бөлек жерде өмір сүретін құстардың араларында диалектілік айырмашылықтары болғандықтан, бір-бірлерін түсіне алмайтыны анықталды. Бір аймақта тұратын және басқа аймақтың құстарының дауыстары таспаға жазылып, екі бөлек аймақтағы құстардың дауыстары салыстырылғанда екеуінің дауыстарының бір-біріне мүлдем қатыстары жоқ екендігі, ал өз аймағындағы құстардың сайрауы бір-біріне ұқсайтыны анықталды.
Бір маймыл кінә жасап, басқа маймылдар да оны ұра бастағанда, әлгі маймыл қауіп-қатер дыбысын шығарады. Бұл дауыстан қорқып, маймылдар дереу ағаштарға тырманады. Әлгі маймыл қауіп-қатер дыбысын соғыс айласы ретінде қолданады. Әрбір жануардың өмір сүруі үшін жеткілікті дәрежеде зеректік пен өзіне сай қару жаратқан Аллаһу та’ала, адамдардың пайдасы үшін оларға ақыл бермеген. Арыстан, жолбарыс, қасқыр, аю сияқты жыртқыш аңдар ақылды болғанда адамдар үшін өте қауіпті болар еді.
Көкқұтан құсы құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Азығын су ішінен, топырақ арасынан оңай аулай алуы үшін Аллаһу та’ала тұмсығын ұзын күйде жаратқан. Аллаһу та’ала көрікті жартастардың арасынан шөптерді оңай алуы үшін мойнын ұзын күйде жаратқан. Тасбақа баяу қимылдайтын жануар болғандықтан басқа жануарларға жем болмауы үшін, сыртын сүйекпен қаптап жаратқан. Әрбір жануардың өмір сүретін жеріне байланысты дұшпандарынан қорғанатын қаруы, қорғанысы бар.