Күнделікті жоспар биология 6 сынып
Сабақ: 15
Тақырыбы: §16. Жапырақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану.
Сабақтың міндеттері: өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу; өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу.
Түрі: Түрлендірілген
Қолданылатын көрнекіліктер: жапырақтың суреттері, кеппешөптер
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасы (Екі жақты күнделік)
Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде – анықтама.
1. Тамыр - өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі
2. Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік
3. Бүршік – бастапқы өркен
4. Сабақ - өсімдіктің жалғастырушы мүшесі
5. Өркен – жапырағы мен сабағы бар жас сабақ
6. Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек
І. Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер символдары)
Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.
Сөздер: жер үсті, жер асты, жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл
Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу
ІІ. Мағынаны тану (Кубизм)
1. Жапырақтың құрылысы, қызметі (анықтау)
2. Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы (зерттеу)
3. Жапырақтың жүйкеленуі (талдау)
4. Жапырақтың сабаққа орналасуы (дәлелдеу)
5. Жай және күрделі жапырақтар
6. Сабақ пен жапырақтың ұқсастық және айырмашылық белгілері (салыстыру)
Әрбір жұп өздерінің жұмыстарын қорғайды
ІІІ. Толғаныс (Бес жолды тұжырым)
Жапырақ
Мысал
1. Жапырақ
2. Жай, күрделі
3. Ауа тазартады, жүйкеленеді, көбеюге қатысады
4. Жапырақ – жер үсті мүше
5. Вегетативті мүше
Үй тапсырмасы: Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығын салыстыру. Жапырақ құрылысын, жай және күрделі жапырақтар, жапырақтың орналасуының суреттерін салу.
Жапырақ
<!--dle_leech_begin-->
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз593 қаралым
#жапырақ#биологиядан күнделікті жоспар
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

