Сабақтаң тақырыбы: Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
1) Өсімдіктердің түрлері жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру;
2) Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
3) өсімдіктерге тірі жан ретінде қарауға, оларға қамқор болуға, өсімдіктерді дұрыс күтуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
жеке жұмыс, топтық жұмыс
Ресурстар: ақ қағаз, түрлі - түсті қалам, стикер, постер, суреттер
1. Ұйымдастыру сәті:
2. Психологиялық сәт:
Топқа бөліну
1. Суыққа төзімді өсімдіктер (бидай)
2. Жылу сүйгіш өсімдіктер(қызылша)
3. Суыққа төзімді көкөністер (сәбіз)
Сабақтың ұраны:
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ!»
Үй тапсырмасын сұрау
Білім тексеру сәті:
1. Ылғал сүйгіш өсімдіктердің жапырағы қандай болады?
2. Өсімдіктердің топтарын ата?
3. Қайың, қарағай, шырша – бұл...
1. Өсімдіктердің пайдасы?
2. Ылғалсүйгіш өсімдіктердің тамыры қандай болады?
3. Құрағақшылыққа төзімді өсімдіктердің жапырақтары қандай?
Жаңа сабақ
Миға шабуыл (видео көрсетілім)
Өсімдікке не қажет?
УЛЫЖ ШІГЙҮС ЕНЕЖ АҚҚЫУС ІДМІЗӨТ РЕТКІДМІСӨ
ЖЫЛУ СҮЙГІШ ЖӘНЕ ТӨЗІМДІ ӨСІМДІКТЕР
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктерге көңіл бөлейік. (видео көрсетілім)
Жылу сүйгіш өсімдіктер
1) Ыстық жерде, жылуы мол жерде өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы тек сәуір айында егіледі. Ерте ексе салқынға шыдамай үсіп кетеді. Ол өсімдіктер негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі. /Суреттерден көрсету/ Олар: мақта, асқабақ, күріш, жүгері, қияр, үрмебұршақ. Осы өсімдіктер - жылу сүйгіш өсімдіктер деп аталады.
Суыққа төзімді өсімдіктер
Ал бидай, сұлы, арпа суыққа төзімді өсімдіктер. Оларды ерте көктемде себеді. Олар суыққа шыдап өсіп шығады, ылғалды сүйеді.
Көптеген өсімдіктер жарықты жақсы көреді, себебі жарық болмаса топырақта қоректік зат түзілмейді, өсімдік қурап қалады. Мұндай өсімдіктерге мақта, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас жатады.
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер. жүктеу
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтаң тақырыбы: Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз611 қаралым
#биологиядан күнделікті жоспар#жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Ұсынылады
Сайгак популяциясы рекордтық деңгейге жетті: биолог басты қауіптерді атады
Қазақстанда киік саны миллиондап өсіп, бірақ бұл жағдай жаңа қауіптер тудыруы мүмкін. Биолог Қажым Жұмалиев бұл мәселенің себептері мен салдары туралы айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 8 маусым
Маңғыстаудағы Үстірт қорығында Алтынқыз есімді барыс қайта көрінді
Сирек кездесетін барыс Алтынқыз биыл наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түсіп, зерттеушілерді қуантты. Ол 450 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 7 маусым
Кофе ішектерге қалай әсер етеді: ғалымдардың жаңартылған зерттеуі
Ирландиялық ғалымдар кофе ішудің адам ағзасына, әсіресе ішек микрофлорасына әсерін зерттеді. Нәтижелер қызықты болды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 маусым
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

