ult.kz
- 11 мау. 2026 12:00
- 31
Жұрт іздеген курьер-ана табылды: Алаяқтардың әрекеті әшкереленді
Әлеуметтік желіде баласын құшақтап, курьер болып жүрген әйел туралы ақпарат тарап, көпшіліктің назарын аударды. Бұл жаңалықты Алматыдағы мейрамхана қызметкері байқап, әйелге көмек қолын созған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әйелге мейрамхана қызметкері көмектесіп, оған қоса қазақстандықтардан қолдау көрсетуді сұраған. Алайда, бұл жағдайдың артында алаяқтардың әрекеті тұрғаны кейін белгілі болды.
Алаяқтардың жаңа айласы
Желі қолданушылары бұл суреттердің жасанды интеллект арқылы жасалғанын байқап, алаяқтардың жаңа әдісін әшкереледі. Әйелмен бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге тырысқанмен, нәтиже шықпаған. Суреттегі баланың қолдарының да ерекше көрінгені алаяқтардың ісін растай түскен.