Жүзім – дертке шипа болатын жеміс
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК Сапа менеджмент жүйесі
Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті Досмуханбет Әсем Болатбекқызы
Жетекшісі арнайы пән оқытушы Закираева Роза Турсынбаевна
Аңдатпа
Шығармашылық - ізденіс жұмыс «Жүзім – дертке шипа болатын жеміс» атты ғылыми жобасы жүзімнің өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған. Жүзімнің адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жазған. Жазу барысында жалпы жүзімнен жасалынған тағамдар көп екендігін сипаттады. Жұмыстың мақсаты, жүзімнің өміріндегі алманың маңызын анықтау. Жүзімнің құрамындағы дәрумендерді анықтау жолдарын қарастыру.
Студент бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалды. Жүзім жемісінің құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы дәрумендердің жеткілікті мөлшері бар. Жалпы алғанда ғылыми жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
Өндірістік оқыту шебері: Закираева Роза
Жұмыстың мақсаты: Жүзім жемісіне жалпы сипаттама бере отырып, оның адам денсаулығына тигізетін пайдалы жақтары мен емдік қасиеттерін саралау және жүзімнен тағамдар жасау. Жүзімді тұрмыста сақтау және пайдаға асыру жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Денсаулыққа дұрыс көз қарас қалыптастыру;
- Жүзім жемісіне жалпы сипаттама беру;
- Жүзім құрамына талдау жасай отырып, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- Жүзімнің адам денсаулығына тигізетін емдік қасиеттерін сараулау;
- Жүзімнен тағамдар жасап оны тұтынуды ұсыну;
- Жүзімді пайдалану ерекшеліктеріне жүйелі түрде анықтама беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер жүзімнің өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, жүзім туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлімі
Жүзім шараптарының пайдасы. Жүзім сорттары
Жүзімді қалай таңдаймыз?
Пайғамбарымыздың айтқан пайдалы жемістерінің бірі бұл...
Жүзінен жасалынатын тағамдар
Зерттеу бөлімі
Жүзімнің құрамы мен адам ағзасына пайдасы
Жүзімді қалай сақтайды?
Жүзімнің адам ағзасына қалай әсері етеді?
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жер бетінде ең алғаш пайда болған өсімдіктердің бірі – жүзім. Оның жапырақтарының ізі мен дәндерінің қалдықтары сонау бор дәуірінің қазба жұмыстарының арасынан табылған. Сондай деректерге қарап, мыс және қола дәуірінде жүзімнің дәл бүгінгідей өсіріле бастағанын байқаймыз. Археологтар жүзім ұрықтарын көбіне өзен маңындағы қоныстардан кезіктірген екен.
Жүзім (лат. Vitis) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі.
Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
Негізгі бөлімі
Жүзім шараптары пайдасы
Жүзім шараптары – табиғи жүзім шырынын ашыту, тазарту және бабына келтіріп, хош иістендіру нәтижесінде алынатын өнім. Жүзім шараптары көбіне дайын өнім ретінде ұсынылумен қатар, көптеген халықтардың кулинариясында кеңінен қолданылады. Бұлай пайдаланғанда қызған кезде спирт ұшып кеткеннен кейін қалған жүзім шырыны қоюланып, қандай тағамның болсын дәмін кіргізеді. Жүзім шараптарын кулинарияда пайдаланудың негізгі мақсаты да осы. Мысалы, балық пісірілетін суға аз ғана Жүзім шараптары қосылса, балықтың жағымсыз иісі кетіп, дәмі жақсарады. Қуырмаға 1—2 ас қасық қышқылтым і қызыл шарап қосса, тағамның дәмі кіреді әрі тез піседі. Кепкен жемістен компот қайнатқанда бір литріне десерт не шай қасық Жүзім шараптары қосылса, компоттан жас жемістің хош иісі шығып тұратын болады.
Жүзім сорттары
Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары – рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б.
Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады. Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады.
Зерттеушілер жүзімнің тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет.
Қоданылу ретіне қарай жүзім сорттары асханалық, шарап жасайтын, кептірілетін үш түрге бөлінеді. Ең жақсы әрі кең таралған (кейбіреуі шарап өндірісінде қолданылады) асханалық жүзім сорттары: Изабелла – жемісі қара көк түсті, дәмі қышқылтым–тәтті; Гамбург мускаты – жемісі қара, дәмді, хош иісті, ұзақ уақыт сақталады; Нимранг – алқызыл сары жеміс, бұл да ұзақ уақыт сақталады; ақ Хусайне – ашық жасыл ұзынша жеміс (халық арасында «қыз саусағы» деген атпен белгілі); Шасла мускатная – жұқа қабықты, жасыл-сары түсті, тіл үйірер дәмді әрі хош иісті жеміс; Тербаш – дәмі жағынан басқа сорттардан нашарлау, түсі жасыл жеміс, бірақ ұзақ уақыт, қыс бойы сақтауға болады.
Жүзімді қалай таңдаймыз?
Жүзімнің ең жақсысы - ұстағанда қатқылдау болатыны және ашық түсті келгендері. Жасыл түстегі жүзім алғыңыз келсе, сәл сарғыштауын, қара жүзімді қаласаңыз, қою түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді. Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып келеді. Жүзімді сатып алғаннан кейін көп уақыт ұстамаған жөн. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан сақталып тұра береді. Тоңазытқыштан алынған жүзімді бір сағаттан кейін жесе, дәмі анағұрлым тәтті болады.
Жүзім қартаю процесіне қарсы. Яғни, ағзаны жасартады. Жүзім шырынын ағзадағы шлактардан арылу үшін пайдаланады. Жүзімнің қабығында орналасқан пигменттер иммунитетті нығайтады. Сол себепті, қою түсті жүзім пайдалырақ болып есептеледі.
Пайғамбарымыздың айтқан пайдалы жемістерінің бірі бұл....
Кітаптарда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзім мен қарбызды ерекше жақсы көргені айтылады. Жүзім қасиетті Құран Кәрімнің алты жерінде кездесіп, жәннаттағы нығметтердің бірі ретінде аталады. «Нахыл» сүресінің 11-аятында «Алла сол сумен сендер үшін егіндерді, зәйтүн, құрма һәм жүзім бақтарын және әр алуан жемістерді өсірді. Шүбәсіз, осының бәрінде ойланатын қауым үшін өте маңызды бір белгі, бір ғибрат бар», – делінеді.
Жүзім – жаңа піскен, кептірілген, піспеген кезінде де пайдалы өсімдік. Жүзімнің ең абзалы – ірісі әрі шырындысы. Тәттілігі бірдей болса да, қараға қарағанда көк жүзімнің пайдасы көбірек. Жүзім пісіп, жиналып алынғаннан кейін екі-үш күн жемей күткен дұрыс. Әйтпесе, күтпей жеудің соңы іш өтуге әкелуі мүмкін. Әдетте білетіндер жүзімнің қабығы жұқарғанша себетте сақтай тұрады.
Жүзім – мейіз бен інжір секілді құнарлы тағам. Оны әдеттен тыс көп жеу бас ауруына әкелуі мүмкін. Немесе жүзіммен қатар анар жеген дұрыс. Жүзім көздің көруін жақсартады, бүйрек, демікпе ауруларына ем. Ол зиянды микробтарды өлтіріп, теріні жұмсартады. Шашты қатайтып, жақсы өсуіне ықпал етеді.
Жүзім ең құрма, інжірден кейін ең пайдалы үш жемістің қатарына кіреді.
Жүзімнен жасалынатын тағамдар
Технологиялық нұсқау №1
Тағамның атауы: Жүзімнен варенье
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
Қызыл жүзімді еттарқыштан өткізіп, су мен қант қосып, отыз мин қайнатамыз. |
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Қызыл жүзім |
150гр |
150гр |
|
|
|
Қант |
150гр |
150гр |
|
|
|
Су |
200гр |
200гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба №1
Жүзімнен варенье
Технологиялық нұсқау №2
Тағамның атауы: Жүзімнен кампот
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
|
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Жүзім |
81гр |
78гр |
|
|
|
Қант |
38гр |
38гр |
|
|
|
Су |
93гр |
93гр |
|
|
|
Лимон қышқылы |
1,5гр |
1,5гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба №2
Жүзімнен кампот
Технологиялық нұсқау №3
Тағамның атауы: Желе
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
|
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Жүзім |
80гр |
80гр |
|
|
|
Қант |
60гр |
60гр |
|
|
|
Желатин |
38гр |
38гр |
|
|
|
Лимон қышқылы |
0,1 |
0,1 |
|
|
|
Су |
65гр |
65гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба: №3
Тағамның атауы: Желе
Технологиялық нұсқау №4
Тағамның атауы: Жүзімнен кисель
Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы |
Дайын тағамның қысқаша мінездемесі |
||||
|
Шаймен ұсынамыз |
||||
Азық-түлік атауы |
Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы |
Сыбаға көлемінің есебі |
|||
6 |
7 |
15 |
|||
Брутто |
Нетто |
Азық-түлік көлемі г (нетто) |
|||
Жүзім |
200гр |
200гр |
|
|
|
Қант |
50гр |
50гр |
|
|
|
Су |
865гр |
865гр |
|
|
|
Лимон қышқылы |
1,5гр |
1,5гр |
|
|
|
Крахмал |
35гр |
35гр |
|
|
|
Шығымы: |
|
|
|
|
|
Технологиялық сызба №4
Тағамның атауы: Жүзімнен кисель
Зерттеу бөлімі
Жүзімнің құрамы мен адам ағзасына пайдасы
Жүзім құрамында қант, органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60 калория бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды.
Қазіргі медицинада қолданылуы
Түрлі фармацевтикалық компаниялар жүзімді БАД өндіруде ертеден бері қолданып келеді. Олардың құрамына жүзім экстракттары кіреді. Әсіресе, жүзімнің сүйегі мен қабығы жоғары бағаланады. Мәселен, ұсақталған жүзім қабығы мен сүйегінен жүрекке арналған ұнтақ және көптеген сергектендіретін дәрі-дәрмектер дайындалады.
Жүзімнің адам ағзасына қалай әсер етеді?
1. Жүзімнің жас тамырын (30 гр.) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісін тазартады, шаш жақсы өседі.
2. Көктемде жүзімнің сабағын кесіп, шырынын бетке жақса, ондағы қара дақтар кетеді. Сепкілді де жояды.
4. Жүзімнің шырынын алма сірке суына қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық алма сірке суы қосылады.
5. Түстен кейін жүзім жеу, шырынын ішу ми жасушаларын жақсартады.
6. Қара жүзім шырынында жүрек ауруларына қарсы анти-канцерогендік ықпалы мол.
7. Егер адам күн сайын бір стакан жүзім шырынын ішіп, бір үзім жүзім жесе, оған қандай да бір жұқпалы аурулардың белгісі дарымайды.
8. Жүзімнің құрамында денсаулық үшін пайдалы антиоксиданттар мол, ол көздің ішкі тор қабығының денсаулығын сақтауға көмектеседі. Майами университеті ғалымдарының анықтауынша, бұл жемісті үнемі жеу көру қабілетінің нашарлауы мен соқырлық қаупін айтарлықтай азайтады.
9. Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі.
10. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді.
11. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді.
12. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы.
13. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді.
14. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті.
16. Жүзім шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет бір шай қасықтан ішсе, бауырды жазады, оның күйіп сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазады, қан қысымын төмендетеді.
17. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.
18. Қан ұюының алдын алады. Жүзімді қаны қою адамдарға ұсынған жөн. Өйткені, ол аспирин секілді қанды таратып, жүрек жұмысын жеңілдетеді.
Жүзімді қалай сақтайды?
Сақтауға негізінен табиғи жағдайда өскен жүзімдерді таңдаған жөн. Жүзімнің ең жақсысы ұстағанда қатқылдауы, реңі ашықтары. Жасыл түстегі жүзім алынса, сәл сарғыштауын, қара жүзім алынса, қою түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді. Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып келеді. Жүзімді сатып алғаннан кейін көп уақыт ұстамаған жөн. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан сақталып тұра береді. Тоңазытқыштан алынған жүзімді бір сағаттан кейін жесе, дәмі анағұрлым тәтті болады. Жүзім тез ферментацияға ұшырайтындықтан оны дереу тамақтан кейін жеген дұрыс емес. Басқа да жеміс шырындары секілді жүзім шырыны да сығылғаннан кейінгі жарты сағат ішінде іщілгені жөн. Адам денсаулығына пайдалы дәрумендер жүзімнің дәнегінде де болатындықтан, оның да шайналып желінгені дұрыс. Қай жағынан алсақ та, шипалық қасиеті мол жүзімнің бізге Жаратушыдан нәсіп етілгеніне шүкір еткеніміз жөн. «Био Нан» ЖШС жүзім көшеттерін отырғызуымен айналысады. Аталмыш ша-руашылық бір ғана Алматы облысының өзінде 20 мың гектар жерге жүз мыңға жуық көшеттерін отырғызып баптауда. Онда негізінен арнайы Франциядан әкелінген Мерлот, Каберне Совиньон, Каберне франк және Брокколь сынды жүзім сорттары өсірілуде. Мамандардың айтуынша, бұла-рдың отандық сорттардан айырмашылығы – 150 жыл өмір сүреді және өнімді әлдеқайда көп береді. 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 10,7 мың гектар жерде жүзім алқабы болған болса, 1990 жылы 6,62 мың гектарға, 2000 жылы 5,7 мың гектарға, 2004 жылы 3,9 мың гектарға дейін кеміп кеткен. Ал, 1980 жылы облыс бойынша 125,2 мың тонна жүзім өндірілсе, 2004 жылы 31,3 мың тонна ғана жүзім өндірілген.
Қорытынды
Мен қорыта келе жүзімнің пайдалы екенін айтқым келеді және Қытайдың ерте заман жазбаларында оны «қоянкөз» деп атап былай суреттейді:
«Үлкендігі атбас бұршақ, қарашы,
Ақшыл жасыл-көгілжім түс арасы.
Мөлдірейді асыл тастай жарқырап,
Айырып көр жақұттан, жоқаласы» — деп суреттейді.
Олардың адам ағзасы тигізер пайдалы жақтары мен сан алуан емдік қасиеттерінің сырын жаздым. Тіпті түрлі фармацевтикалық компаниялар жүзімді БАД өндіруде ертеден бері қолданып келеді. Олардың құрамына жүзім экстракттары кіреді. Әсіресе, жүзімнің сүйегі мен қабығы жоғары бағаланады. Мәселен, ұсақталған жүзім қабығы мен сүйегінен жүрекке арналған ұнтақ және көптеген сергектендіретін дәрі-дәрмектер дайындалады.Ертеден бері жүзім сұлулықты арттыру үшіп пайдаланылады. Қазір кез келген косметикалық фирмалардан құрамында жүзім кездесетін өнімді таба аласыз. Бұл негізінен бетке арналған кремдер. Бұл кремдердің құрамында антиоксидантты өнімдер көп. Алайда, жүзімнің көмегімен косметикалық өнімді үйде дайындауға болатынын да ұмытпаңыз.Жүзімнің ұлпасынан беттің майлылығын қалыпқа келтіріп, бетті сергектендіре түсетін маскалар жасауға болады.Бұл күндері целлюлитке қарсы өнімдерде жүзім белсенді қолданыла бастады.Байқаған шығарсыздар, жүзімнің пайдалы тұстары өте көп. Сақтықта қорлық жоқ! Демекші дұрыс жуылмаған жүзімде пестицид, ашытқы саңырауқұлақтары, шаң-тозаң қалдықтары қалып қоюы әбден мүмкін; Қара жүзім бас сақинасы ауруын жүдетіп жіберуі мүмкін; Алқызыл жүзімнің құрамындағы таниндар сақина ауруын тудыруы мүмкін. Сондықтан жүзімді мөлшерден тыс жеуден аулақ
Ұсынысым:
1. Жүзім жайлы әлі ашылмаған мәліметтерді іздестіріп, жинақтау.
2. Болашақта өз ауылымызда жүзім бағы ашылса;
Адамдаарға жүзімді қалай сақтап, оны пайдалану туралы ескертпе қағаздар таратылса;
Пайдаланылған әдебиеттер
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.
3. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
4. Г.Ә. Құлжабаева.«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. — Алматы, 2011. — 16 б
5. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.
6. «Казахстанская правда» газеті, №227 (27501) 6.07.2013.