Алматылық «Қайрат» жанкүйерлері командасының «Левскиге» қарсы қонақтық матчына Түркістанға тегін барып, кері қайта алады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Ticketon баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар үшін Freedom және футбол клубы ұсынған үш автобус ұйымдастырылады. Жанкүйерлерге жолда көрпе мен сусындар ұсынылады.

Матч 11 тамызда Түркістанда өтеді. Автобустар Алматыдан таңғы 04:00-де жүреді, ал кері қайту ойын аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылады.

Сапарды ұйымдастырушылар — Freedom Афиша (ticketon.kz) және «Продукты» сервистері. Жолда жолаушыларға көрпе, жол жастықтары, сондай-ақ сусындар мен снектер беріледі.

Трансферді тек матчқа билеті бар жанкүйерлер пайдалана алады. Орын брондау үшін fan.support@fckairat.kz электрондық поштасына «Автобус в Туркестан» тақырыбымен өтінім жіберіп, «Қайрат» фан-клубының растауын күту қажет. Автобустардағы орындар шектеулі.

Еске салайық, 5 тамызда Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Қайрат» «Левскиден» минималды есеппен ұтылды. Болгария астанасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды.

Қарама-қарсылықтың тағдыры 11 тамызда шешіледі. «Левски» – «Қайрат» жұбының жеңімпазы Чемпиондар лигасының негізгі турниріне жолдама үшін грек АЕК клубымен бақ сынайды. Ұтылған команда Еуропа лигасының іріктеуіне түсіп, не грек ПАОК-пен, не бельгиялық «Андерлехтпен» ойнайды.