Алматының «Қайрат» футбол клубы Instagram-дағы ресми парақшасында Конференциялар лигасының 2026/27 маусымына өтінім жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Рафаэль Уразбахтин баптаған ұжым үшінші дәрежелі еурокубок турнирінің жалпы кезеңінде сынға түседі. Өтінімге үш қақпашы мен 21 дала ойыншысы енген.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков (№1), Шерхан Қалмырза (№82), Бақтияр Алдашев (№98).
Қорғаушылар: Луиш Мата (№3), Дамир Қасаболат (№4), Лев Кургин (№5), Александр Мартынович (№14), Еркін Тапалов (№20), Александр Мрынский (№24), Александр Широбоков (№25), Адлан Нұрғалиев (№32), Лукас Африко (№44), Данияр Ташпұлатов (№59).
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков (№6), Олжас Байбек (№8), Яакко Оксанен (№13), Азамат Тұяқбаев (№17), Ойва Юккола (№19), Густаво Мендонса (№22), Мұхамедәлі Әбіш (№27).
Шабуылшылар: Эдмилсон (№9), Мансұр Бірқұрманов (№15), Марк Гуаль (№28), Исмаил Бекболат (№81).
«Қайрат» Конференциялар лигасындағы алғашқы ойынын 15 қазанда сырт алаңда Латвияның «Рига» командасына қарсы өткізеді.


