Астрономдар сирек кездесетін ғарыштық құбылысқа куә болды: қара құрдың алып жұлдызды жұтып қоюы белгілі сверхноваялардан асып түсетін қуатты энергия толқынын тудырды. Сонымен қатар, жұлдыз ядросының бір бөлігі жойқын жарылыстан кейін сақталып қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

AT2024wpp деп аталып, «Уиппет» деген атқа ие болған бұл оқиғаны Ливерпуль университетінің Джон Мурс атындағы астрономдары тіркеді. Қара құрдың алып жұлдызды жұтып қоюы бақылау тарихындағы ең қуатты энергия толқындарының бірін тудырды. Қысқа уақыт ішінде Күннен 400 миллиард есе артық энергия бөлініп шықты, ал соққы толқыны жарық жылдамдығының бестен бір бөлігіндей жылдамдықпен қозғалды.

Ливерпуль телескопы мен НАСА-ның Swift спутнигі арқылы жүргізілген бақылаулар бұл нысанның сирек кездесетін оптикалық транзиенттерге жататынын растады. Жойылған жұлдыздың материясы қара құрдың айналасында қатты қызған диск құрып, қарқынды рентген сәулеленуін тудырды.

Жарылыстан алты ай өткен соң Keck және VLT телескоптары сутегі мен гелийдің аномальды іздерін анықтады. Газ ағыны секундына 6000 километрден астам жылдамдықпен қозғалады. Бұл жойылған жұлдыз ядросының тығыз құрылымы сақталып, ғарышта қозғалысын жалғастырып жатқанын көрсетеді.