Қазақстандық CCI Kazakhstan компаниясы Coca-Cola сусындарын құюмен айналысатын әлемдегі үздік боттлер ретінде Candler Cup (Кандлер Кубогы) сыйлығына ие болды. Бұл марапат Coca-Cola жүйесіндегі ең үздік боттлерге беріледі. Халықаралық бағалау қорытындысы бойынша 200-ден астам компанияның арасында қазақстандық өндіруші бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды infohub.kz.
Жеңімпаз жыл сайын көп кезеңді іріктеу нәтижесінде анықталады. Алдымен компаниялар аймақтық кезеңнен өтеді, содан кейін Еуропа, Таяу Шығыс және Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Азияның үздік өкілдері жаһандық финалға шығады. Бағалау кезінде коммерциялық нәтижелер, орындау сапасы, бизнестің дамуы және операциялық тиімділік ескеріледі.
2026 жылғы іріктеу қорытындысы бойынша бірінші орынды CCI Kazakhstan иеленді.
Қазір CCI Kazakhstan Алматы, Астана және Шымкент қалаларында алкогольсіз сусындар шығаратын үш зауытты басқарады. Сонымен қатар, компания Ақтөбеде төртінші зауытты салып жатыр, бұл Қазақстандағы өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік береді.
CCI (Coca-Cola İçecek) — Anadolu Group құрамына кіретін түрік халықаралық сусын өндіруші компания. Компания Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирияда жұмыс істейді.
CCI The Coca-Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіреді, таратады және сатады. Anadolu Etap İçecek еншілес компаниясы арқылы топ шоғырландырылған жеміс шырынын да өндіреді.
CCI-де барлығы 36 құю зауыты және жеміс өңдейтін үш кәсіпорын бар. Компанияда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның өнімі шамамен 1,2 миллион сауда нүктесінде ұсынылған, ал нарықтағы халықтың жалпы саны 600 миллионнан асады. Портфель 25-тен астам брендті қамтиды және газдалған сусындар, шырындар, су, энергетикалық және спорттық сусындар, салқын шай мен кофе кіреді.
Coca-Cola İçecek акциялары Borsa Istanbul биржасында CCOLA тикерімен сатылады.


