1 мамырдан бастап қазақстандық мұнай Германияға баламалы бағыттар арқылы жеткізілуде. Қазақстан Энергетика министрлігі ТАСС агенттігіне бұрынғы схемаға қайта оралу қандай жағдайларда мүмкін екенін айтты. ... деп хабарлайды infohub.kz.
«Қазіргі уақытта Атырау — Самара — «Достық» мұнай құбыры бағыты бойынша Германияға қазақстандық мұнай жеткізу транзит тарапындағы инфрақұрылымдық сипаттағы техникалық шектеулерге байланысты уақытша жүзеге асырылмайды. Қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулер жойылған жағдайда, барлық мүдделі тараптар арасында тиісті келісімдер болған кезде жеткізу белгіленген тәртіппен қайта жандануы мүмкін», — деп хабарлады ведомство.
«Достық» бойынша жеткізудің мамырдан бастап тоқтатылғаны 2026 жылдың сәуірінде белгілі болды. Сол кезде энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазақстандық мұнайдың Германиядағы Шведт қаласына мамыр айында транзиті жоспарланбағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, ресейлік тарап бұл бағыт бойынша мұнай айдауға техникалық мүмкіндіктің жоқтығын ресми емес түрде мәлімдеген. Ақкенженов жеткізу көлемінің өсуіне қарамастан, Қазақстан неміс мұнай өңдеу зауытының мұнайға деген қажеттілігінің тек 20-30 пайызын ғана жабатынын атап өтті.
«Достық» бойынша жеткізу тоқтатылғаннан кейін Қазақстан көлемнің бір бөлігін Ресейдегі Усть-Луга порты мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы қайта бағыттады. Энергетика министрлігінде бір бағыттың тоқтатылуы өндіріс көлеміне әсер етпейтінін, мұнайды басқа бағыттар бойынша қайта бөлуге болатынын атап өтті.
Қазақстан Германияға «Достық» құбыры арқылы мұнай жеткізуді 2023 жылы бастады. 2026 жылы осы бағыт бойынша шамамен 3 миллион тонна мұнай экспорттау жоспарланған болатын.


