Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Непалдағы су тасқыны кезінде хабарсыз кеткен тағы бір қазақстандық азаматшаны іздеу жалғасып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ведомствоның баспасөз қызметінен NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін екі қазақстандық азаматша іздестірілуде. «Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен. ҚР СІМ жергілікті мемлекеттік органдармен жұмыс істеп, отандастарымыздың туыстарымен байланыста», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қытай мен Непал арасындағы шекара өткелі ауданында жер көшкіні жүріп, бұл жол қозғалысына, байланыс пен электрмен жабдықтауға әсер еткені белгілі болған. Кейін күшті су тасқыны салдарынан мыңдаған адам хабарсыз кеткені хабарланды. Ірі тасқынның себебі жер сілкінісі және одан кейінгі жер көшкіні деп аталды.
Осыдан кейін Қазақстан СІМ ел азаматтары туралы алғашқы деректерді жариялады. 27 тамызда Қытайдан Непалға туристік топ құрамында өткен қазақстандық туристі іздеу басталғаны белгілі болды.


