Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелген Қазақстан азаматы Грузиядан Отанына экстрадицияланды, деп хабарлайды infohub.kz.
Бас прокуратураның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, бүгін ведомство қызметкерлері мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Грузиядан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелген Қазақстан азаматын жеткізді.
Тергеу деректері бойынша, ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырауда Кипрден пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен ақша аударымдарын алып, Қазақстан азаматшасының 100 млн теңгеден астам қаражатын жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған. 2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталушы қылмыс үшін мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейін айырумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


