Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының (UFC) жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, жеңіліс көрмеген Хабиб Нұрмагомедов Астанадағы жекеменшік KERN School мектебіне барды. Атақты спортшыны оқу орнының құрылтайшысы Фарух Курбанов шақырды. Сапар мазмұнды өтті: қонақты мектептің инфрақұрылымымен ғана таныстырып қоймай, қазақ дәстүрінің атмосферасына да батырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Таныстық мектеп ауласынан басталды. Дәстүрлі қазақ киіз үйінде Хабибке KERN Hub оқу орталығының тәрбиеленушілері оның келуіне арнайы салған суреттер көрсетілді. Мұнда қонақ үшін мектеп оқушыларының бірі домбырада орындаған әйгілі «Балбырауын» күйі де шырқалды.

Содан кейін экс-чемпионға егжей-тегжейлі экскурсия ұйымдастырылды: оған заманауи оқу кабинеттері, STEM кеңістігі, акт залы, кітапхана және асхана көрсетілді. Кітапханада Хабиб мектеп дәстүрін қолдап, оқушыларға арналған кітаптарға ақ тілегін жазып қалдырды. Ал мектеп атриумында қонақ бәріне күтпеген жерден «асық ату» ұлттық ойынына қосылып кетті.

Күннің ең жарқын сәттерінің бірі достық матч болды. Хабиб көрермен рөлімен шектелмей, оқушылармен бірге футбол ойнады.

Ұйымдастырушылар спортшыны мекеменің философиясымен де таныстырды. KERN School интерьерінде Абай Құнанбаевтың қанатты сөздері мен бейнелері кеңінен қолданылады, олар арқылы балалардың бойында білімге, еңбекке және имандылыққа ұмтылыс тәрбиеленеді.

Сапар қысқы бақта ұлттық тәттілермен дәстүрлі шай ішумен аяқталды. Ерекше құрмет пен қонақжайлық белгісі ретінде Фарух Курбанов Хабибке ұлттық шапан кигізді.

Спортшы сапар әсерімен ашық бөлісіп, балалардың шынайы энергиясын және мектептің жоғары деңгейін атап өтті.

«Ең жағымдысы — балалармен кездескен кез. Өйткені олардың сезімі де, эмоциясы да ең шынайы. Балаға ештеңе таңбайсың, ал олардың энергиясы шынайы әрі тірі. Ал бұл мектеп — мен барғандардың ішіндегі ең үздіктерінің бірі. Бұл жай ғана әдемі сөз емес, шын мәнінде солай. Мұнда оқуға барлық жағдай жасалған: зал, кабинеттер, асхана. Болашақта мұнда оқушылар одан да көп болады деп сенемін», — деп атап өтті Хабиб Нұрмагомедов.

Соңында ол жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, келесі жылы Қазақстанға және KERN School мектебіне қайта келуі мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық, KERN School — мықты академиялық дайындықты, жан-жақты дамуды және тәрбиені ұштастыратын толық күндік жекеменшік мектеп. Мұнда атақты қонақтардың келуі жақсы дәстүрге айналған: бұған дейін мектепке басқа да танымал медиа тұлғалар келген, олардың қатарында Қытайдан келген блогерлер Петя мен Ириска да бар. Білім беру қызметі Қазақстан Республикасында лицензияланады.