Қытай мен Непал шекарасындағы сел салдарынан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті, тағы 519 адам хабар-ошарсыз тізімде тұр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Синьхуа» агенттігінің дерегінше, Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы Гьиронг өткізу бекеті ауданында ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Жергілікті төтенше жағдайлар штабы хабар-ошарсыз кеткендердің арасында 23 елдің 261 шетел азаматы бар екенін мәлімдеді.
Бұл сандар шетелдік және қытайлық журналистерге арналған баспасөз мәслихатында жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Гьиронг өткізу бекеті ауданындағы апат аймағына да барды.
«Құтқару жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 500-ден астам техника жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараттарының 1 мыңнан астам рейсі жасалып, әуеден 5,43 тонна жүк тасталды», — делінген штаб хабарламасында.
Гьиронг уезінің билігі аумағында қалған Непалдың шекаралас аудандарының 1720 тұрғынына көмек көрсетті.
Еске салайық, 26 тамызда күшті тасқын салдарынан мыңдаған адам хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарланған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Непалдағы табиғи апаттан кемінде 1003 адам қаза тапты.
Сонымен қатар, Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағынан үш қазақстандық әйел іздестірілуде.


