- 15 сәу. 2015 00:00
- 259
Көгілдір дақты скат
Көгілдір дақты скат – тұтасқанаттылар – тақтажелбезектер отрядының жоғары тобына жататын балықтар. Олар – Атлант мұхитының оңтүстік-шығысында, Оңтүстік Африка және Мозамбик суларында тіршілік етеді.
Көгілдір дақты скаттың ұзындығы 40-70 см аралығында болады. Жалпақ тұмсығы үшбұрышты. Денесінің жартысын құйрығы алады. Есейген кездерінде денесінің үстіңгі жағында ақшыл-көк дақ және қара нүктелер, құйрығында ақ және қара сақиналар пайда болады.
Скаттың ауыз қуысында екі түтігі болады, соның көмегімен асшаяндар мен теңіз шаяндарын бақалшықтарынан сорып алады.
Осы бір ашық түсті скат ірілігімен көзге түседі. Денесінің үстінде көгілдір дақтары бар. Қанаттары дөңгелектене келіп, тұмсығымен жалғасып кеткен. Құйрығының екі жағында да көк жолақтары бар. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты мүшесі болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтанады.
Көгілдір дақты скаттар топталып таяз, құмды суларға моллюскалармен, құрттармен, теңіз шаяндарымен қоректенуі үшін қоныс аударып тұрады. Бұл скаттар 100 метр тереңдікте тіршілік етеді. Олар маржанды рифтерде тіршілік еткенді жақсы көреді. 9 айға созылатын жүктілік кезеңінен кейн, 1-5 ұрпағын өмірге әкеледі.