Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Көкшетауда жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағалауында мас күйде жүрген ер адам қоғамдық орынға тән емес қылық көрсетіп, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Бұл туралы оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде хабарлады.

Олардың айтуынша, 5 шілде күні көл жағасында шомылып жүрген азамат айналасында жүрген қыздарға қарата бейәдеп сөздер айтып, жыныстық мүшесін көрсеткен. Демалушылар дереу полицияға хабар беріп, құқық қорғау органдары ер адамды сол күні ұстаған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушы мас күйде болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.

Қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттер азаматтардың тыныштығын бұзып қана қоймай, моральдық тұрғыда да теріс әсер ететінін ескерткен тәртіп сақшылары тұрғындарды осындай жағдайларға бейжай қарамай, дереу тиісті органдарға хабар беруге шақырды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама