
- 03 қаз. 2015 00:00
- 464
Көңіл шай
Адам өмірінде қуанышты да, ренішті де жағдайлар болады. Басына іс түскенде, тұрмыста кездесетін қиын жағдайда, ренішті, күйінішті кездерде адамдар бір-біріне көңіл білдіріп, қиыншылыққа ортақтасып, ақыл-кеңес береді. Ашулы сәтте басу айтады. Міне, осындай кездерде ауылы аралас ағайын-туыс көңіл білдіріп, дастарқан жаяды. Аталған жағдайларда жайылған дастарқан "Көңіл шай" деп аталады.
Осы жерде көңіл білдіру мен көңіл айтудың арасын ажырата білу керек. Көңіл білдіру жоғарыдағыдай. Ал көңіл айту - қазалы жағдайда қолданылатын ғұрып.