Қостанай тұрғыны бұрынғы жұбайын қатігездікпен өлтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиға қызғаныш алаңында болған, деп хабарлайды infohub.kz.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін Қостанай қаласының тұрғыны С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың наурыз айында ер адам бұрынғы әйелімен қызғаныш алаңында арақатынасын анықтау кезінде, оны өлтіру мақсатымен, аңшылық карабиннен әйелдің басы мен кеудесіне екі рет дәлдеп оқ атқан. Жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Осыдан кейін айыпталушы қылмыс орнынан кеткен, алайда кейін өз еркімен полиция органдарына келіп, кінәсін мойындау туралы арыз жазған.

Сот отырысы барысында қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтелетін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.