Самараның «Крылья Советов» клубы мен Мәскеудің «Динамо» командасы Ресей премьер-лигасының (РПЛ) 16-турындағы матчта жеңімпазды анықтай алмады. «Солидарность Самара Аренада» өткен кездесу голсыз теңдікпен — 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Екінші таймда қонақтар алаңда аз болып қалды: 57-ші минутта парагвайлық қорғаушы Хуан Касерес қызыл қағаз алды.
Қазақстан құрамасы мен «Крылья Советов» клубының вингері Ислам Чесноков матчты қосалқы құрамда бастады. Ол алаңға 62-ші минутта шығып, көп ұзамай сары қағаз алды. 85-ші минутта футболшы ауыстырылды.
Теңдік «Крылья Советов» клубына 19 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Самаралықтар РПЛ-де тоғызыншы орында тұр.
«Динамо» 33 ұпаймен екінші орында келеді. Мәскеуліктер көшбасшылықты қайтара алмады, енді Санкт-Петербургтің «Зенитінен» бір ұпайға артта қалды.
Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік бомбардир Бақтияр Зайнутдинов әлі күнге «Динамоның» өтінім тізіміне енбей жүр, жарақатынан емделуін жалғастыруда. Жартылай қорғаушы ағымдағы маусымда әзірге алаңға шыққан жоқ.


