2026 жылы күзде Қазақстан тұрғындары қыркүйек пен қараша айларында әдеттегі жұмыс күндерін күтеді, алайда қазан айында ұлттық мереке — Республика күніне байланысты үш күндік демалыс мүмкіндігі туады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қыркүйек айында ресми мереке күндері жоқ. Бес күндік жұмыс аптасында сегіз демалыс және 22 жұмыс күні қарастырылған, алты күндік аптада — төрт демалыс және 26 жұмыс күні.

Қазан айында Республика күнін қатарынан үш күн атап өтуге болады: 24, 25 және 26 қазан (сенбі, жексенбі және дүйсенбі). 25 қазан жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс келесі жұмыс күніне — 26 қазан дүйсенбіге ауыстырылады. Қазан айындағы демалыс күндерінің жалпы саны 10 күнді құрайды.

Республика күні — елдегі басты және жалғыз ұлттық мереке. Дәл осы күні 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды, онда мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары алғаш рет бекітілді.

2026 жылғы қараша айында мемлекеттік мерекелер күтілмейді, сондықтан демалыс тек сенбі және жексенбі күндерімен шектеледі — барлығы тоғыз демалыс күні.

Еске сала кетейік, Қазақстанның оқушылары күзгі каникулға жеті күнге — 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін шығады.