УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымы жалпы кезеңінің бесінші туры қазақстандық уақытпен 26 қарашаға қараған түні аяқталды: ағылшындық «Ливерпуль» сырт алаңда бельгиялық «Брюггені» 3:0 есебімен ойсырата жеңді, ал «Манчестер Юнайтед» пен «ПСЖ» өз ойындарын тең аяқтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Ливерпульдің» табысын швециялық шабуылшы Александер Исактың дублі (13 және 82-минут) мен неміс жартылай қорғаушысы Флориан Вирцтің голы (79) қамтамасыз етті.

Тағы бір ағылшын клубы — «Манчестер Юнайтед» Лиссабонда португалдық «Спортингпен» 2:2 есебімен тең ойнады. Алаң иелерінің сапында колумбиялық шабуылшы Луис Суарес дубль жасады (33 және 80), ол бірінші голын пенальтиден соқты. Қонақтарда португалдық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш екі рет көзге түсті (48 және 50), ол да 11 метрлік айып добын дәл орындады. Ойын соңында «МЮ» құрамындағы бельгиялық жартылай қорғаушы Юри Тилеманс қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды (90+3).

Франциялық «ПСЖ» ағымдағы Чемпиондар лигасында алғаш рет ұпай жоғалтты: атақтың қазіргі иегерлері өз алаңында италиялық «Ромамен» 2:2 есебімен тең ойнады. Париждіктер сапында украиналық қорғаушы Илья Забарный (31) мен пенальтиден соққан француздық вингер Усман Дембеле (62) көзге түсті. Римдіктердің голдарын испаниялық қорғаушы Марио Эрмосо (5) мен нидерландық шабуылшы Дониэлл Мален (78) соқты.

«ПСЖ» 13 ұпай жинап, Чемпиондар лигасында екінші орында тұр. Тек испаниялық «Реал Мадрид» қана максималды 15 ұпайға қол жеткізді. «Ливерпуль» 12 ұпаймен бесінші сатыда келеді. Дәл сонша ұпай испаниялық «Барселона» мен «Бетиссте», сондай-ақ италиялық «Комода» бар.

Чемпиондар лигасындағы 25 қарашадағы ойын күнінің толық нәтижелері:

«Славия» (Прага, Чехия) — «Вильярреал» (Испания). 0:1
«Сабах» (Масазыр, Әзірбайжан) — «Барселона» (Испания). 1:4
«Шахтер» (Донецк, Украина) — «Фенербахче» (Стамбул, Түркия). 0:1
«Лилль» (Франция) — «Бавария» (Мюнхен, Германия). 2:1
«Спортинг» (Лиссабон, Португалия) — «Манчестер Юнайтед» (Англия). 2:2
«Атлетико» (Мадрид, Испания) — «Викинг» (Ставангер, Норвегия). 2:0
«ПСЖ» (Париж, Франция) — «Рома» (Рим, Италия). 2:2
«Брюгге» (Бельгия) — «Ливерпуль» (Англия). 0:3
«Интер» (Милан, Италия) — «Штутгарт» (Германия). 2:0