Франция футбол құрамасының капитаны Килиан Мбаппе Мао Цзэдун туралы әзілін ойланбастан айтылған сөз деп атады. Осыған байланысты Қытайда оның есімін атауға іс жүзінде тыйым салынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Футболшы әлеуметтік желідегі X парақшасында сұхбат кезінде айтқан сөзі үшін кешірім сұраған жазба жариялады. «Жақында берген сұхбатымда өз суретіме қатысты пікір білдірдім. Менің сөзім ойланбастан айтылды, енді оның Қытайдағы және әлемнің түкпір-түкпіріндегі қытай қауымдастықтарында көп адамды ренжіткенін түсінемін. Сөзім жаралаған баршаңыздан кешірім сұраймын. Мұны мүлде ойламаған едім. Мен қытай халқын және оның тарихын терең құрметтеймін, шын жүректен өкінемін», — деді ол.
Бұған дейін Килиан Мбаппе сұхбат барысында өзіне ұнайтын интернет-мемдер туралы айтқан. Оның кейбір сөздері Қытайға қатысты қорлау ретінде қабылданды. Футболшы өзіне ұнайтын мем — графикалық редактормен өңделіп, «қытай диктаторының» бетіне қондырылған өз бейнесі екенін айтқан.
Осыдан кейін Мбаппе бірқатар қытай компанияларымен ынтымақтастығын тоқтатты. Сонымен қатар қытай телеарнасы Испания чемпионатының матчтарын және футболшы қатысқан жарнамалық материалдарды көрсетуден бас тартты.


