Мельбурн кубогының жарысында сегізінші орын алған, екі апта бұрын ауырып қалған жылқының денесі Сиднейдегі қоқыс контейнеріне тасталған күйі табылды. Бес жасар айғыр So You Are ішектің қабынуынан (колика) қатты зардап шегіп, дүйсенбі күні ота жасату үшін ауруханаға жеткізілген соң ұйықтатылып өлтірілген, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Сол күні Грегг Джоуэтт өзінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасына Сиднейдегі қоқыс контейнерінің ішінде өлі жылқы жатқанын көрсететін бейнежазба жариялады.

«Мен қоқыс тастайтын жердемін. Бұл — жылқы. Олар жылқыны қоқыс тастайтын жердегі контейнерге тастап кеткен», — деп естіледі оның дауысы бейнежазбада.

«Мен бұған қатты таңқалдым; бұл қалыпты жағдай емес. Егер қателесіп жатсам, айтыңыздар, бірақ бұл қалыпты жағдай емес», — деді ол.

Кейінірек Джоуэтт Guardian Australia басылымына жылқыны тапқан кезде оның So You Are екенін, тіпті Мельбурн кубогына қатысқанын білмегенін айтты.

«Мен бұған жай ғана жиіркеніп отырмын», — деді ол.

Жылқының жаттықтырушысы Бьорн Бейкер So You Are-дың денесіне қатысты әрекеттің бұрыннан ауыр жоғалтуды одан әрі қиындатқанын мәлімдеді.

«Бейнежазбаны көрген әрбір адам сияқты, мен де So You Are-дың денесіне қатысты әрекеттен қатты күйзелдім», — деді ол мәлімдемесінде.

«Ол — көпшілік жақсы көретін жылқы еді, өлгеннен кейін оған құрмет пен ілтипат көрсетілуі тиіс болатын».

«REC Equine Specialists ауруханасының мамандары жағдайды тергеп жатқанын түсінемін және не болғаны туралы толық түсініктеме күтемін».

«Ойым So You Are-дың өсірушілері Рэмси отбасымен және бүкіл қызметкерлеріммен бірге. Бұл олар үшін бұрыннан ауыр жоғалтуды одан әрі қиындатты».

Толығырақ ақпарат кейін жарияланады…