«Мен өзіме сенемін» психологиялық тренингі
Психологиялық тренинг мақсаты:
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ - ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ - ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
Міндеттері:
ҰБТ - ға дайындық тиімділігін арттыру.
ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстау.
Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету.
Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.
Өз эмоцияларын басқара алу.
Психологиялық тренингтің жоспары:
1. «Танысу» жаттығуы
2. «Сағат тілі» жаттығуы
3. А)«Менің отбасым» суретін салу (оқушылар үшін)
Б) «Ата – ана, менің суретімді тапшы» (ата – аналар үшін)
В)«Мен кім» және «мен қандаймын?» жаттығуы (пән мұғалімдері мен ата – аналар үшін)
4. «Көңіл күй айнасы» релаксациялық кезең
5. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
6. Түлектерге арналған аффирмация
7. «Бос орындық» сергіту жаттығуы
8. «Гимназия түлектерінің ата – аналарына арналған кеңестер»
9. «Эксперимент» жаттығуы
10. «Өміршеңдік ережесі» сенімділік бағдарламасы\
11. Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз»
1. «Танысу» жаттығуы
Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі.
Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.
Тренингтік ереже:
• Тренингке берілген регламентті сақтау
• Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау
• Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу
2. «Сағат тілі» жаттығуы
Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
13 - 14 аралығы – амандасу
15 - 16 аралығы – күлімдеу
17 - 18 аралығы - комплимент айту
19 - 20 аралығы – басынан сипау
21 - 22 аралығы – қол алып амандасу
23 - 00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау
4. «Менің отбасым» жобалау әдістемесі
Нұсқау: Білім алушылар «менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырылады. Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.
Талқылау сұрақтары:
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?
«Мен қандаймын және кіммін» жаттығуы
Нұсқау: ата – аналар мен мұғалімдерге алдын ала дайындалған бүктелген қағаздар таратылып беріледі. Берілген қағаздың бірінші бетіне «Кіммін», екінші бетіне «қандаймын» сұрақтарына жауап жазып, жазылған жауаптарды сәйкестендіріп оқимыз.
4.«Дыбыстық гимнастика»
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И – ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О – жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х - барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.
6. Түлектерге арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады.)
Аффирмация – (өзін - өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ - даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі. жүктеу
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі
«Мен өзіме сенемін» психологиялық тренингі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз664 қаралым
#психологиялық тренинг#мен өзіме сенемін#ұбт - ны тапсыру кезінде
Ұсынылады
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем: дәрігердің ауыр психоздар туралы әңгімесі
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем бригадасының дәрігері Нуритдин Абдуллаевпен сұхбат. Мақалада мамандықтың қиындықтары, қызықты жағдайлар және психикалық аурулар туралы мифтер қамтылған.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 26 ақпан
Түпсана – үміттің тамыры, болашаққа сенімнің бастауы
Адам жаны – терең мұхит іспетті. Оның бетінде сана тұрса, тереңінде түпсана жатады. Түпсана – біздің ойымызға, әрекетімізге, тіпті тағдырымызға әсер ететін көзге көрінбейтін күш. Бұл бейсаналық қаб...
Бердалы Ораз Ғабитұлы·2025 ж. 14 сәуір
Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Тақырып: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

