Еркін күрестен Қазақстан спортшысы Мерей Базарбаев Лас-Вегаста өткен күрестің барлық түрінен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
23 жастағы спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалға дейінгі жолда ол үш қарсыласын ұтты, ал шешуші белдесуде түрік балуаны Бекир Кесерді түсірді.
Бұл алтын өткен турнирде еркін күрестен Қазақстан құрамасы үшін жалғыз болды. Тағы екі жоғары дәрежелі награданы грек-рим күресінің өкілдері әкелді — Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін).
Жарыстың қорытынды күні қола жүлде үшін тағы бір қазақстандық «еркін күресші» Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) белдесті. Алайда жүлде үшін белдесуде ол 1:12 есебімен ресейлік Эльдар Ахмадудиновқа жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында (U23) барлығы жеті награда жеңіп алды — үш алтын, бір күміс және үш қола.


