«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси соңғы матчтың қорытындысы бойынша айыппұл төледі, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға 19 тамызда «Филадельфия Юнионға» қарсы қонақтық ойында болды, ол 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұл матчта Месси 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы голын соқты.

Кездесудің соңында аргентиналық пен «Филадельфияның» америкалық жартылай қорғаушысы Куинн Салливан арасында жанжал шығып, Месси қарсыласын алақанымен ұрды. MLS тәртіп комитеті бұл эпизодты қарап, бет, бас немесе мойын аймағына қолмен соққы жасалғанын анықтады. Нәтижесінде Мессиге айыппұл салынды, оның мөлшері жарияланбады.

«Интер Майами» 20 матчтан кейін 39 ұпай жинап, MLS Шығыс конференциясында «Нэшвиллден» (46 ұпай) кейін екінші орында тұр.