Батыс Қазақстан облысындағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты қылмыстық іс үш жарым жылдан кейін сотқа жолданды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz.

Ми-8 тікұшағының құлауына қатысты қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының №2 сотында қаралуда. Сот отырыстары Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша өтуде. Бұл бап теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Еске салайық, 2023 жылғы 23 ақпанда «Қазавиақұтқару» компаниясының тікұшағы Батыс Қазақстан облысында қатты қону жасаған болатын. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тікұшақ «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды айналып ұшу жұмысын орындаған.

Алғашында оқиға салдарынан адам шығыны жоқ, жарақат алғандар бар деп хабарланған еді. Алайда кейін қатты қону кезінде төрт адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алғаны белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, тікұшақ бортында алты адам болған: экипаждың бес мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір өкілі. Ведомство қатты қону салдарынан ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» қызметкерлері қаза тапқанын қосымша мәлімдеді. Сондай-ақ зардап шеккендерді құтқару кадрлары жарияланды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізді.

Сонымен қатар, оқиға фактісі бойынша полиция ҚР ҚК-нің 344-бабы «Әуе кемесінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған» бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу ҚР Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен жүргізілді.