Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Миыңызды жұмыс істеуден бас тартқызатын себептер

Егер сіз тек денені жаттықтыру керек деп ойласаңыз, қателесесіз, өйткені ағзамыздағы бәріне дәл ми жауап береді және тіпті сіз жаттықтырғыңыз келетін бұлшық етке де сигнал жіберетін ми. Егер миыңызды белсенді жұмыс істететін принциптерді елемейтін болсаңыз, онда ол сізге өштесіп, тіпті жұмыс істеуден бас тартатынына сенімді болыңыз. Сондықтан сұр заттегіңіз ешқашан сізді жолда қалдырмас үшін, миды жалқаулыққа жетелейтін 7 принциппен таныс болыңыз.

Сонымен, миыңыз жұмыс істеуден бас тартады, егер...

…ұйқыңыз қанбаса

Созылмалы ұйқысыздық денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, ол зейін қою мен ми жұмысын әлсіретеді. Көптеген адамға күнделікті кем дегенде 8 сағат ұйқы қажет, бірақ бұл сан әркімде әрқалай. Ұйқының ұзақтығымен қоса оның сапасы да маңызды – ол үздіксіз болуы қажет. Түс көретін фаза (тез ұйқы фазасы немесе REM-фаза) біздің сергек жүретін сағатымызға өте қатты әсер етеді. Егер ұйқы жиі бөлініп, ми бұл фазада сирек болса, нәтижесінде біз өзімізді әлсіз сезініп, есте сақтау мен зейін қою тұрғысынан қиындыққа ұшыраймыз.

…стрессті басқара алмау

Стресспен күресудің көптеген қолжетімді амалдары бар, оның ішінде медитация, күнделік жүргізу, психологпен жұмыс, йога, дұрыс демалу жаттығулары, тай чи және т.б.. Бұлардың бәрі мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.

…қозғалмау

Физикалық жаттығулар қан айналымын жақсартады, ал бұл өз кезегінде оттегі мен нәрлі заттардың дененің барлық жасушасына таралуын қамтамасыз етеді. Тұрақты физикалық белсенділік жүйке клеткаларының бірігуіне және тіпті жаңасының түзілуіне көмектесетін заттектердің түзілуіне итермелейді.

…жеткілікті су ішпеу

Біздің денеміз шамамен 60% судан тұрады, ал ми одан да көп — 80%. Егер ағзаға жеткілікті су ішпесеңіз, онда ашуланғыш және тез қозғыш болып кетесіз, дұрыс шешім қабылдай алу мүмкіндігіңіз төмендеп кетеді. Күні бойы әр сағат сайын кем дегенде бір стақан су ішіңіз (жылы су ішіп көріңіз).

…пайдалы майларды тұтынбау

Трансмайлар деп аталатын өңделген, сутектендірілген майларды тұтынбауға тырысыңыз және қаныққан мал майларын тұтынуды азайтыңыз. Ал полиқаныққан және моноқаныққан майлар (олар жаңғақ, рафинадталмаған өсімдік майларында, авокадода бар) мен омега-3 май қышқылдары (сапалы балықта, грек жаңғағында, зығыр дәндерінде болады) миға өте пайдалы.

…миды жаттықтырмау

Жаңа сабақтарды оқу, қосымша дағдыға үйрену, интеллектуалдық хобби ми қорын сақтап қалуға және көбейтуге көмектеседі. Үздіксіз «жаттығу» оның өмір бойы жоғары деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

…күнделікті жаңа піскен жемістер мен көкөністер жемеу

Тұтынатын тағамымызда өңделмеген өнімдердің болуы ағзамызға өте пайдалы, бұл әсіресе өсімдіктерге қатысты: көкөністер, жемістер, көк шөп, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар. Олар дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар мен жасұныққа бай; мұның бәрі мидың жұмысына қажетті.

5 секунд ішінде миды іске кірістірудің әдістері:

— ойша үлкен сандарды есептеу;
— өлең, тақпақты еске түсіру;
— кептеліске түсіп қалмас үшін жаңа маршрутты тез ойлап табу;
— логикалық есепту шешу.

Миды күтудің негізгі ережелері:

1. Денеңіздің типіне байланысты тамақтаныңыз.

2. Қажетті калориялардың мөлшерін нақты біліңіз.

3. Аптасына 4-5 рет спортпен айналысыңыз. Жаяу жүру де жаттығуға жатады.

4. Гормондарыңызды бақылауда ұстаңыз (эндорфин/окситоцин/ дофамин/ серотонин).

5. Күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтаңыз.

6. Дәрумендер ішіңіз.

7. Салмағыңызды қалыпта ұстаңыз.

Оқуға кеңес береміз:

Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар

Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық

Миға кері әсер ететін 10 нәрсе

Миға зиян келтіретін азықтар

Адам миына қатысты 30 қызықты дерек

Зердеңізді дамытатын пайдалы 7 дағды

Темекінің миға беретін зияндары

Миға пайдалы және зиянды өнімдер

Ми және денсаулық

Жаңа мәліметті еске сақтаудың үздік әдісі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама