Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Нилуфар Раимова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ұлттық құрама сапындағы спортшы әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Үшінші орын үшін белдесуде оған Шри-Ланка спортшысы Нетми Ахинса Фернандо Порутотаге қарсы шықты.

Бірінші кезеңде-ақ қазақстандық басымдыққа қол жеткізіп, 5:1 есебімен алға шықты. Үзілістен кейін Раимова ұпай жинауды жалғастырып, тағы сегіз ұпай еншіледі. Белдесу оның 13:1 есебімен техникалық басымдықпен мерзімінен бұрын жеңуімен аяқталды.

Осылайша, Нилуфар Раимова тұғырдың үшінші сатысына көтеріліп, Азиада-2026-да күрестен Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлде салды.

Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Шұғыла Өмірбек те бұл күні қола медаль үшін күресті. 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық қытайлық Чжан Цзиньмен кездесті. Қарсыласы 8:2 есебімен жеңіске жетіп, белдесуді тұшаға түсірумен аяқтады. Нәтижесінде Өмірбек Азия ойындарында бесінші орынға тұрақтады.

Раимова мен Өмірбектің белдесулері Азиада-2026-да Қазақстан өкілдерінің күрестен соңғы жекпе-жектері болды. Осылайша, ұлттық құрама осы спорт түрінен өз өнерін аяқтады.