- 03 қыр. 2016 00:00
- 288
Өкіл күйеу
Бұрынғы қазақшылық кезінде бірі жасы үлкен, бірі жас екі ер адам тым жақын достық әрі сыйластық қарым-қатынаста болады. Бірімен-бірі туыстай араласып, бірінің жоғын бірі түгендеп, жан аямас достық қалыпта болады. Мұндай кісілер бірін-бірі "өкіл күйеу" деп атайды. Бірақ бұлар кәдімгі күйеу емес, атауы ғана солай болғанмен достықтан да, туыстықтан да жақын көңілде болады. Мұны екі ұлт өкілі немесе құрбы адамдар арасындағы "тамырлық" қатынаспен шатастыруға болмайды. Бұлардың айырмашылығы адамдардың жас ерекшелігімен ажыратылады.