Өлім мен өмір жолы
Бір жолы өзеннен балық аулап жүріп, сушаянын аулап алған бір қартқа кезігіп қалдым. Қарттың арқасына көтерген су шаяны салынған шарбақтың қақпағы жабылмаған екен.
- Атай, шарбағыңыздың қақпағын жаппапсыз,- дедім қартқа ескерте шын ниетпен.
- Ақ ниетіңнен айналайын, рахмет,- деді қарт маған иман жүзбен қарай,- жігітім, су шаяны салынған шарбақтың қақпағын жаппаса да болады. Егер бір сушаяны өрмелеп шықпақ болса, басқа сушаяны оны қысып алып шығармайды. Шынын айтқанда бірде-біреуі қашып құтыла алмайды.
Қайсы бір жандар дәл осы су шаянына ұқсап кетеді. Ұмытпасам, бір өңірде күшті жер сілкінісі болғаны әлі есімде. Сол кезде бір шағын көмір кеніндегі жұмысшылар біріне - бірі жол бермей, сыртқа қарай тұра қашады. Кеннің аузы өте тар болғандықтан шығар ауызға кептеліп қалып, бірде - біреуі ажалдың құрығынан құтыла алмайды. Ал, осы маңдағы тағы бір шағын көмір кеннің бастығы дәл сол жер сілкінген кезде Сабыр сақтап: «Көпшілік, кимелемеңдер, бір-бірден шығыңдар» деп өзі жан сауғаламай елдің артында қалып көпшілікке басшылық етіпті. Соны мен жиырма неше жұмысшы дін - аман шығыпты. Көміркен бастығы да қауіптен аман қалыпты.
Өмір дегеніміз де, міне осындай: сіз өзгеге өмір жолын бермесеңіз, айналып келгенде, өзіңіздің өмір жолыңыз бөгеледі? Сіздің өзгеге орай бермегеніңіз, іс жүзінде, өзіңізге орай бермегеніңіз.