Шымкенттің «Ордабасы» мен Астананың «Жеңісі» Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) 29-турындағы матчта жеңімпазды анықтай алмады — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Матчтағы есеп 46-минутта алаң иелерінің камерундық қорғаушысы Ги-Марселин Киламаның өз қақпасына соққан добынан ашылды. Кейін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Елхан Астанов 70-минутта есепті теңестірді. Ол алаңда азшылықта қалған кезде көзге түсті: төрт минут бұрын ұлттық құраманың тағы бір жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір алаңнан қуылған еді.
Ойын аяқталған соң алаңда төбелес болып, оның қорытындысында Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» қорғаушысы Сергей Малый қызыл қағаз алды.
Осылайша, шымкенттіктер өз алаңында чемпиондық титулды рәсімдеу мүмкіндігін пайдалана алмады. Олардың еншісінде 68 ұпай бар, ал «Қайраттың» екі ойыны қалған кезде 63 ұпайы бар. Жексенбіде алматылықтар сырт алаңда «Ақтөбені» ұтпаса, «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанады.
Соңғы турда шымкенттіктер қонақта Павлодардың «Ертісімен» кездессе, «Қайрат» Өскеменнің «Алтайын» қабылдайды.
«Жеңіс» тең ойыннан кейін 33 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде тоғызыншы орында тұр.


