1 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында шетелдік капиталы бар 234 кәсіпорын жұмыс істейді. Мұндай компаниялар саны бойынша Түркия (36) және Ресей (34) көш бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Үшінші орында Қытай мен Үндістан – әрқайсысында 25 кәсіпорын. Одан кейін Оңтүстік Корея 18, Қазақстан 16 және Әзірбайжан 9 компаниямен тұр. Сондай-ақ салада АҚШ-тың қатысуымен 8, БАӘ капиталымен 6, Қырғызстан мен Жапониядан 4-тен кәсіпорын жұмыс істейді. Тағы 49 компания басқа мемлекеттердің инвесторларына тиесілі.


