Павлодарда бала арбасымен келе жатқан әйел көпқабатты үйдің биіктігінен мұз кесегіне ұқсас заттың құлауы салдарынан зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Orda.kz-тің Kerek.pv Telegram-арнасына сілтеме жасауынша, оқиға 8 шілдеде болған. Бейнебақылау кадрларынан әйелдің кенеттен баласы бар арбаны жіберіп алғаны көрінеді — арба көлбеу тротуармен домалап кеткен, бірақ ол үлгеріп ұстап қалған. Зардап шеккен әйелдің басы жарақаттанған — жарияланған фотосуреттерге қарағанда, дәрігерлер жараны тігуге мәжбүр болған.

Оқиға бойынша әзірге ешкім жауапқа тартылмағаны хабарланады. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер заттың құлау сәті түсірілген бейнебақылау жазбаларын алып, куәгерлерден жауап алған.

«Осы фактіге қатысты адамды анықтау және оны жауапқа тарту үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда», — деп қосты полиция департаменті.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.