Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды: дауылдан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Павлодар облысының үш қаласында және бірнеше ауданында дауылды желдің салдарынан төтенше жағдай жарияланды. Қатты жел көптеген елді мекендерде үйлердің шатырын ұшырып, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірген.

Қазір жергілікті органдар келтірілген залалды бағалау және құжаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша нақты шаралар қолға алынған.

20–30 маусым аралығында апат салдарын жою үшін өтініштер қабылданады.
Зардап шеккен және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (393 200 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

 Жергілікті билік тұрғындарды өтініштерін уақтылы тапсыруға шақырып, көмек көрсету жұмыстарының ашық әрі әділ жүргізілетінін мәлімдеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама