Павлодар облысында артық жүк тиелген қайықты басқарған ер адам ТЖМ қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Оқиға Павлодардағы қайық стансасында болды. Азамат Н. қайықты басқарып, Павлодар облысы ТЖМ қызметкерінің қызметтік катерге өтіп, медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындаудан бас тартты.

Сот отырысында Н. кінәсін толық мойындап, камуфляж киген адамның ТЖМ қызметкері екеніне күмәнданғандықтан талаптарды орындамағанын түсіндірді.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, акваторияны патрульдеу кезінде артық жүк тиелген қайық анықталған. Қайықта екі баланы қоса алғанда жеті адам болған, ал құтқару кеудешелері тек екеуінде ғана болған. Тоқтау туралы заңды талаптан кейін қайық жағаға бағытталған. Жағада азамат Н. құжаттарын көрсетуден және қызметкердің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

Сот кінәні мойындау мен өкінуді жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Н. кінәлі деп танылып, 90 825 теңге айыппұл төледі.