Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі құлап, жарақат алды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға 8 шілдеде болды. Жас ана баласымен арбашада Назарбаев даңғылы, 157-үйдің терезелерінің астынан өтіп бара жатқанда, оның басына мұз кесегі құлады. Telegram-арнасы kerek.pv-дің хабарлауынша, әлі ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Зардап шеккен әйелдің туыстары әйелдің басын тескен адамды өздері іздеуге мәжбүр болып отыр.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, зерттеді, куәгерлерден жауап алды және басқа да тергеу шараларын жүргізді. Бейнежазбада заттың жәбірленушіге құлаған сәті көрінеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, осы фактіге қатысы бар адамды табу және оны жауапкершілікке тарту шаралары қолданылуда.

Қылмыстық іс Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.