География 6 - сынып
Тақырыбы: План және карта
(жұлдызды сағат)
Мақсаты: 1. Оқушылардың план және карта туралы білімдерін толықтыру 2. бағдарлау, қашықтықты өлшей білуді үйрету.
3. Табиғатты қорғау, адамгершілікке баулу.
Көрнекілігі: Тұсбағар, топографиялық карта, интербелсенді тақта..
Әдісі: ойын сабағы
Оқушылар үш топқа бөлінді. 1 - топ. Өте жақсы оқитын оқушылар.
2 - топ. Жақсы оқитын оқушылар.
3 - топ. Орташа оқитын оқушылар.
Сабақ бес кезеңге бөлінді.
І. «Бәйге» ойыны.
1 - топ оқушылары 2 - топ оқушыларына сұрақтар қояды.
1. Азимут дегеніміз не?
2. Бағдарлау дегеніміз не?
3. Азимут бойынша қалай жүреді?
4. Қашықтықты немен өлшейді?
5. Масштаб дегеніміз не?
6. Қандай масштабты білесің?
7. План дегеніміз не?
8. Абсолюттік биіктік дегеніміз не?
9. Салыстырмалы биіктік дегеніміз не?
10. Горизонталь дегеніміз не?
3 - топ оқушылары перфокарталармен жұмыс істейді.
№1
1. План дегеніміз не?
№2
1. Картада нені бейнелейді?
№3
1. Деңгейлегіш қандай аспап?
№4
1. План мен карта не үшін керек?
ІІ. «Солтүстік – оңтүстік» ойыны
Үшінші топтан оқушыларды қатар - қатар тұрғызады, солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс деп жүргізуші (консультант) айтқанда әрқайсысы сол горизонт жаққа қарап отыра қалуы керек, егер дұрыс отырмаса, сол оқушыға сұрақ қойылады.
ІІІ. «Кім тез» ойыны
І - топ оқушыларына: Алматы, Астана қалаларының координатын табу.
2 - топ оқушыларына: Астана мен Алматының, Алматы мен Талдықорғанның ара қашықтығын өлшеу.
3 - топ оқушыларына: Алматы, Талдықорған, Астана қалаларының географиялық орнын анықтау
IV. Тест алу.
1. Көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау:
а) бағдарлау; ә) азимут; б) горизонталь; в) масштаб;
2. Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін сан:
а) азимут; ә) масштаб; б) бағдарлау; в) горизонталь.
3. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктік қандай аспаппен өлшенеді?
а) азимут; ә) бергштрих; б) деңгейлегіш.
4. Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық:
а) азимут; ә) бағдарлау; б) масштаб; в) горизонталь.
5. Солтүстік, оңтүстік полюстерді бастыра жүргізген шеңберлер:
а) меридиан; ә) параллель б) масштаб; в) азимут.
6. Меридиандарға кесе - көлденең жүргізілген шеңберлер:
а) меридиан; ә) параллель; б) азимут; в) масштаб.
7. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор:
а) меридиан; ә) масштаб; б) градус торы; в) горизонталь.
8. Картада жер бедері қалай бейнеленеді?
а) түрлі бояумен; ә) масштаб; б) горизонтальмен; в) бергштрихпен.
9. Ендік пен бойлықтан тұратын не?
а) меридиан; ә) параллель; б) бергштрих; в) географиялық координат.
10. Ылдидың бағытын не анықтайды?
а) меридиан; ә) параллель; б) бергштрих; в) горизонталь.
V «Өртенген жер» ойыны.
Бірінші, екінші топтан 2 оқушы шығады. Консультант бір жердің координатын атап, сол жерде өрт болып жатқандығын айтады. Бірінші болып тапқан оқушыға көп балл беріледі.
«Жылдамдық» ойыны
3 - топ оқушыларынан 2 оқушы шығады. Олар «План және карта» тақырыбына байланысты 5 сөз жазады. Жылдам жазған оқушыға көп балл беріледі.
Қорытынды
Финалға көп жұлдыз жинаған оқушылар шығады. Екі оқушы өзен (бастау, саға) және тауға (шыңы т.б) байланысты сөздерді жазады. Көп, әрі тез жазған оқушы жеңімпаз болады.
План және карта
Тақырыбы: План және карта
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз854 қаралым
#көкжиек#6-сынып#географиядан сабақ жоспары#топографиялық карта#тұсбағар
Ұсынылады
Алматының "төменгі жағы": Көбірек қорқатын ауданның тыныс-тіршілігі
Алматының "төменгі бөлігі" туралы қалыптасқан пікірлер мен шындық арасындағы алшақтықты зерттеген журналистік материал.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 11 маусым
Астана: Екі жағаның айырмашылығы неде? Артықшылықтары мен кемшіліктері
Елорданың сол және оң жағалаулары арасындағы айырмашылықтарды, олардың ерекшеліктерін және тұрғындар үшін маңыздылығын зерттейміз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 2 маусым
Әлемдегі ең ірі қалалардың бірі ғарыштан көрінетіндей жылдамдықпен батып барады
Мексика астанасы Мехико жер асты суын шамадан тыс пайдалану салдарынан жылдам шөгіп барады. Бұл жағдай ғарыштан да көрінеді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 6 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

