
- 12 сәу. 2025 06:48
- 28
Президент «Барыс» хоккей клубындағы жағдайға байланысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» хоккей клубының жасөспірімдер командасы ойыншыларының ата-аналарынан түскен шағымға назар аударды. Олар қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты балалар хоккейінің болашағына алаңдаушылық білдірген.
Шағымда клубтың қазіргі басшылығының жағдайға немқұрайлы қарап отырғаны айтылған. Осыған байланысты ата-аналар Президенттен араласуын сұраған.
Мемлекет басшысы бұл мәселеге орай жауапты органдарға тапсырма берді. Соның нәтижесінде «Барыс» клубының жасөспірімдер командасын Ресей чемпионатына қатыстыру мәселесі қолға алынды.
Клубтың отандық және шетелдік ойыншылар, жаттықтырушылар мен серіктес ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелері бюджет шығындарын оңтайландыру арқылы шешімін тапты. Қаржылық қиындықтарға себеп болған лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.