Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Президент Бектеновпен экономикалық жобалар мен көлік инфрақұрылымы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Ольжас Бектеновпен жұмыс кездесуін өткізіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстардың барысын талқылады.

Үкімет басшысы Президентке жалпы құны 2,3 триллион теңгеден асатын, шамамен 20 мың адамға жұмыс беретін бірқатар ірі өндірістік жобалардың іске асырылып жатқанын баяндады. Бұл бастамалар ел экономикасын әртараптандыруға және өнеркәсіпті жаңғыртуға бағытталған.

Сондай-ақ Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша қолға алынған жұмыстар, егіс маусымының аяқталуы және күзгі жиын-терімге дайындық жайында ақпарат берді. Бұған қоса, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық саладағы жаңғырту шаралары, цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары да сөз болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік даму, инвестиция тарту және институционалдық өзгерістер енгізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама