Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Президент Тоқаев ұлттық құраманың боксшыларын жеңістерімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен ұлттық құраманың боксшыларымен кездесті. Президент спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

«Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жүлдегерлер қатарында:

  • Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Виктория Графеева
  • Нұрбек Оралбай
  • Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова бар.

Президенттің бұл кездесуі – спортшылардың еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, ел спортына көрсетілген тұрақты қолдаудың белгісі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама