Мәскеуде прокуратура белгілі рэпер Андрей Меньшиковқа (Лигалайз) қатысты жаңа қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр, деп хабарлайды infohub.kz.

РИА Новостидің мәліметінше, музыкант Ресей Әділет министрлігі шетел агенті деп таныған адамдарға жүктелген міндеттерді орындамады деген күдікке ілінген. Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру материалдары Меньшиковты Ресей Қылмыстық кодексінің 330.1-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін тергеу органдарына жіберілген. Бұл бап шетел агенттері туралы заңнамада белгіленген міндеттерді орындаудан жалтару үшін жазаны көздейді.

Айта кетейік, 49 жастағы әртіс бұған дейін шетел агенті ретіндегі қызмет тәртібін бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, алайда әлеуметтік желілерде шетел агенті жасаған материалдар деп белгілемей жазбаларын жариялауды жалғастырған. Лигалайз шетел агенттерінің тізіліміне 2024 жылдың соңында енгізілген. Оған Ресей билігі мен қарулы күштерінің әрекеттері туралы ақпарат таратқаны негіз болған.