Мақсаты: Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға.
Күнделікті жағдайдағы мінез - құлықты анықтауға.
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен – «Мен» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Егерде таңдау қиын болса, сізге бірінші болып қараған, көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен белгілеңіз. Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз - Сіздің негізгі фигураңыз. Ал қалғандары сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөлшектер. Ал соңғы фигура сіздің қарым - қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы.
1) Шаршы: Қайраткер, еңбекшіл. Оның өмір сүру ортасы өзіндік «меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары: ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, ұсақ заттарға зейінділік, дәлелге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау.
Жағымсыз жақтары: өте ұсақшыл, өте сақ, ерегеспе, сараңдау, таныстары мен достары аз.
2) Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағыттау, дегеніне жету.
Жағымды жақтары: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, жоғары еңбекқорлық, тапқырлық, қарым - қатынаста көпшіл.
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, атақ - даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл.
3) Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін - өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу.
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау - дамайдан қашқақтайды.
Жағымсыз жақтары: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, сөзіне сенбеу, аңқаулық, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі.
4) Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым - қатынас орнату, қарым - қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» - отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық - мырза, сенгіштік, қоғамдық жұмысқа бейімділік, таныстары мен достары көп.
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, әсерленгіш, сезімтал.
5) Ирек: Шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: ойшыл, өзгеден ерекше, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, қиялшыл.
Жағымсыз жақтары: көңіл - күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, шындықты бетке айта салу, дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз - бастылықты ұнатпауы, қаржы жағынан салақтық.
Психогеометриялық тест
Мақсаты: Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз881 қаралым
#психогеометриялық тест#адамның тұлғалық типін тез арада анықтау
Ұсынылады
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем: дәрігердің ауыр психоздар туралы әңгімесі
Алматыдағы психиатриялық жедел жәрдем бригадасының дәрігері Нуритдин Абдуллаевпен сұхбат. Мақалада мамандықтың қиындықтары, қызықты жағдайлар және психикалық аурулар туралы мифтер қамтылған.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 26 ақпан
Түпсана – үміттің тамыры, болашаққа сенімнің бастауы
Адам жаны – терең мұхит іспетті. Оның бетінде сана тұрса, тереңінде түпсана жатады. Түпсана – біздің ойымызға, әрекетімізге, тіпті тағдырымызға әсер ететін көзге көрінбейтін күш. Бұл бейсаналық қаб...
Бердалы Ораз Ғабитұлы·2025 ж. 14 сәуір
Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Тақырып: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

